Атырау, 20 қыркүйек 22:31
 ашықВ Атырау +19
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

Су тасқыны: суға кеткен мал шығынын өтеуге 2,8 млрд теңге берілді

350 просмотра
Фото: ТЖМ/видеодан кадр

Су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға 4 790 үй мен пәтер берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысында 235 отбасы, Қостанай облысында – 57, Ақтөбе облысында – 26 және Павлодар облысында 5 отбасы жаңа үйдің кілтін алды. Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде күзге дейін барлығы 2 568 үй салып, тапсыру жоспарланған, жұмыс қарқынды жүргізіліп жатыр.

«34 068 отбасына бір реттік 100 АЕК көлемінде өтемақы төленді. Осы мақсаттарға барлығы 12,5 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды. Бағалау аяқталуына қарай жоғалған ең қажетті заттарын сатып алу үшін 150 АЕК-ке дейінгі мөлшерде қосымша төлемдер де жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда 21 800 отбасы жалпы сомасы 9,9 млрд теңгеге тиісті өтемақы алды», - деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта барлық облыста тұрғын үй мен саяжай құрылысын тексеру және бағалау жұмысы толығымен аяқталды.

Комиссия шешімдерінің қорытындысы бойынша, жалпы сомасы 48,2 млрд теңгеге 8 717 отбасы тұрғын үйін жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы алды.

«Сонымен қатар зардап шеккен бизнеске келтірілген шығынды өтеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Өңірлік комиссиялар ШОБ субъектілерінің жалпы сомасы 5,8 млрд теңгеге 374 өтінімін қарап, мақұлдады. Суға кеткен мал үшін берілген мемлекеттік көмек көлемі 2,8 млрд теңгеден асты», - делінген ақпаратта.
31 шілде, 15:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.