Атырау, 20 қыркүйек 22:30
 ашықВ Атырау +19
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

Елу шақырымнан артық жүруге тыйым - inDrive көлік министрлігіне ұсыныс білдірді

397 просмотра
Фото: freepik.com

Жолаушы тасымалдайтын компания көлік министрлігінің «inDrive-қа» 50 шақырымнан артық қашықтыққа қатынауға тыйым салатыны туралы мәлімдемесіне қатысты өз уәжін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Олардың айтуынша, көлік министрлігі бұл мәселені жүргізушілермен бірге отырып талқылауы керек еді. 

«inDrive сервисі Қазақстан нарығында 10 жылдан аса жұмыс істеп келеді. Осынша уақытта біз реттеуші органдардың талаптарын қатаң сақтап келеміз. Қазіргі күні inDrive сапарлас жолаушыларды іздеудің ең кең тараған онлайн-қосымшасы болып отыр. Мұндай сапардың басты артықшылығы — жүргізуші жолаушыны оған ыңғайлы кез келген уақытта, өзара келіскен жолақыға кез келген қалаға жеткізеді. Қалааралық сапарлардың арақашықтығына шектеу қою көптеген жүргізушілер мен жолаушыларға әсер етеді, бұл мәселені нарықтың барлық қатысушылары ҚР Көлік министрлігімен бірлесе отырып шешу керек деп есептейміз», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, көлік министрі Марат Қарабаев Қазақстанда трассалардағы жол апаттарының санын азайту және жолаушылардың қауіпсіздігі үшін қалааралық тасымалмен айналысатын inDrive жүргізушілеріне талаптарды күшейту жоспарланып отырғанын айтқан.

«Мысалы басқа шет елдердің тәжірибесі бар. Мұндай агрегаттар 50 шақырымға дейін ғана тасымалдай алады. Ал одан алыс қашықтыққа баратындар тұрақты рейстік автобустарға отыруы керек. Біз қазір осы мәселені талқылап жатырмыз. Яғни Индрайвердің қашықтығы 50 шақырымнан асатын елді мекендерге жолаушы тасымалдау мүмкіндігі болмайды. Кейбірі 50 дейді, енді бірі 150 шақырым болсын дейді. Бірақ бізге адамдардың қауіпсіздігі маңызды», - деп мәлімдеді Қарабаев.
31 шілде, 15:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.