Атырау, 20 қыркүйек 22:33
 ашықВ Атырау +19
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

ҰБТ-дан 1 балл жинаған қазақстандық түлек Түркияның үздік 10 университетінен шақырту алды

373 просмотра

ҰБТ-дан 1 балл жинаған Ерасыл Уәлиев енді Түркияның Özyeğin университетінде жасанды интеллект және Анталия университетінде дизайн мамандығында оқиды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ерасылға Түркияның 10 үздік университетінен ұсыныс түскен. Қазақстандық түлек желідегі парақшасында шақырту алған университеттердің тізімін жариялады.

  • Özyeğin University: Жасанды интеллект
  • OSTİM: Авиация және ғарыштық техника
  • Final University: Стоматология
  • Antalya Bilim University: Сәулет
  • World Peace University: Бағдарламалау
  • Doğuş University: Ойын дизайны
  • KOSTU: Бағдарламалау
  • Beykent University: Актерлық шеберлік  

“Бұл табандылық пен мүмкіндік бағадан әлдеқайда маңызды екенін көрсетеді”, – делінген жазбада.

Education Industry қолдауымен Ерасыл Уәлиев Özyeğin университетінде жасанды интеллект және Анталия университетінде дизайн мамандығында оқиды.

Бұған дейін қазақстандық түлектің ҰБТ-дан 1 балл жинап, рекорд жасағаны туралы жазған едік.

31 шілде, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.