Атырау, 20 қыркүйек 22:46
 ашықВ Атырау +19
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

«Майқайың» кенішіндегі апатқа жұмыс беруші компанияны кінәлі деп танылды

372 просмотра

Астана қалалық сот алқасы Майқайың кенішіндегі апатқа жұмыс беруші кінәлі екенін растады. Сот автобус компаниядағы жауапты тұлғалар жұмысына салғырт қарағаннан орын алған деп шешті, деп хабарлайды Курсив.

Битыл 4 қаңтарда «Майқайыңалтын» АҚ-на тиесілі Майқайың жерасты кеніші аумағында «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС-ның 4 құтқарушысы мінген автобус апатқа ұшырап, 4 адам қаза тапты.

Сол жағдайдан кейін Еңбек министрлігі арнайы комиссия құрды. Тергеу бұл жағдайға компанияның толық кінәлі деп тапқан.

Майқайың кенішіндегі апатқа қатысты сот шешімі 16 сәуірде шыққан болатын. Астана соты іс материалдарын зерттей келе, «Майқайыңалтын» компаниясын сол жағдайға 100% кінәлі деп таныды.

Алайда «Майқайыңалтын» АҚ өзінің қатысы жоқ екенін алға тартып, комиссия шешімімен келіспей, сотқа жүгінді. Нәтижесінде Астана қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 16 сәуірдегі шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Елорда соттары арнайы тергеу актісінің даулы қорытындылары заңды және негізді деп тапты, ал «Майқайыңалтын» АҚ-ның талабын қанағаттандырудан бас тартылды», – делінген сот хабарламасында.

Майқайың кенішінде қызметкерлер мінген автобус опырылған шұңқырға құлап кеткен еді. Автобус ішінде 4 адам болған.

Компанияның бұрынғы жұмысшылары басшыларын айыптап, кеніштегі апатқа объективті тексеру жүргізуді талап етті. Мемлекеттік комиссия мүшелеріне ашық хат жолдаған. Олар қайғылы оқиғаға комбинат басшысының салғырттығы себеп болғанын айтты. 

Екі адамның денесі апаттан кейін шығарылса, екі адамның мәйіті 6 айдан кейін табылды. 25 шілдеде 75 метр тереңдіктегі үйінді астынан автобус жүргізушісі Айып Тілеубергеновтің денесі шығарылды.

31 шілде, 13:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.