Атырау, 20 қыркүйек 22:44
 ашықВ Атырау +19
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

Бүгін Қазақстанның екі спортшысы финалда жарысады

351 просмотра
Фото: Olympic.kz

Бүгін, 31 шілде күні Қазақстанның 6 спортшысы Париж Олипиадасында бақ сынайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дәлірек айтсақ, Астана уақытымен сағат 11:00-де триатлоннан әйелдер құрамасының мүшесі Екатерина Шабалина финалда жарысады.

Садақ атудан іріктеу кезеңінде Ислам Сәтпаев пен Константин Малиновский жарысады. Дәл осы жарыс түрінен Қазақстан намысын Мария Дмитриенко қорғап, іріктеу кезеңінде бақ сынайды.

Ең қызық  додалардың бірі сағат 14:10-да өтпек. Отандасымыз Махмұд Сабырхан Испания боксшысымен шаршы алаңға шығады.

Сағат 18:00-де үстел теннисінен Кирилл Герасименко 1/8 финалда өнер көрсетсе, кешкі сағат 20:30-да спорт гимнастикасынан ерлер арасында Милад Карими финалда жарысады.

31 шілде, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.