Атырау, 20 қыркүйек 22:47
 ашықВ Атырау +19
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

Париж-2024: стенд атудан Мария Дмитриенко финалға шықты

527 просмотра
Фото: Сәли Сабыров/olympic.kz

Стенд атудан Қазақстан командасының мүшесі Мария Дмитриенко іріктеуден сәтті өтіп, финалға шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дмитриенко «трап» бағдарламасында сынға түсіп, іріктеуден 4-орын алды. Ол жалпы есепте 73 ұпай жинаған. Оның 2 оғы нысанаға тимей қалды.

ҰОК хабарлауынша, финалға алғашқы 8 спортшы ғана жолдама алады. Ал жарысқа жалпы есебі 30 спортшы қатысқан.

Іріктеу сынында 75 ұпаймен испаниялық Магрина Мар Молне көш бастап тұр. Екінші орында 74 ұпаймен тағы бір Испания спортшысы Фатима Галвес орналасқан. Үшінші сатыда австралиялық Пенни Смит.

30 шілде, 17:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.