Атырау, 20 қыркүйек 22:54
 ашықВ Атырау +19
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

Рудныйда 12 миллион теңгеге бағаланған синтетикалық есірткі тәркіленді

349 просмотра
видеодан скриншот

Қостанай облысы Рудный қаласында «синтетикалық» есірткінің 1,5 мыңнан астам дозасын сақтаған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

35 жастағы ер адамның пәтерін тінту кезінде ұнтақ тәрізді заты бар көптеген Zip-пакет және электрондық таразылар анықталған. Ер адам ұсталды, анықталған заттар тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес алынған заттар салмағы 600 грамм синтетикалық препарат болып шықты.

«Өңірде «синтетикалық» есірткінің 1,5 мыңнан астам дозасының таралуына жол берілмеді. Олардың құны қара нарықта шамамен 12 миллион теңгені құрайды. Есірткі сатумен айналысатын адамдарды анықтау жұмыстары жалғасуда», – деді Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұржан Ахметов.

Осы дерекке сәйкес «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды.

30 шілде, 16:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.