Қазақстандық дзюдошы Есмигүл Куюлова Париж Олимпиадасының бірінші кезеңінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
63 келіде сынға түскен Куюлова бірінші белдесуде австриялық қарсыласы Любиана Пловесанаға есе жіберді.
Бүгін 81 келіде белдескен Абылайхан Жұбаназар да алғашқы айналымда жеңіліп қалды.
Әзірге, қазақстандық дзюдошылар еншісінде бір алтын, бір қола жүлде бар.