Атырау, 20 қыркүйек 21:46
 ашықВ Атырау +10
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

Құдайберген Арымбек Энергетика вице-министрі болып тағайындалды

332 просмотра
Фото: ҚР Үкіметі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Құдайберген Берікұлы Арымбек Энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол 1987 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген.

Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетін бітірген.

Әр жылдары Мұнай және газ министрлігінде бас сарапшы, ҚР Энергетика министрлігінде бас сарапшы, басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары болды.

2021 жылдан бастап осы уақытқа дейін ҚР Энергетика министрлігінде департамент директоры қызметін атқарды.

Еске салайық, бүгін Мемлекет басшысының өкімімен Әлібек Қуантыров Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

30 шілде, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.