Атырау, 20 қыркүйек 21:24
 ашықВ Атырау +10
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

Нығматулиннің зауыты жарылыс болғаннан кейін оқиға орнына құтқарушыларды кіргізбеуге тырысқан (ВИДЕО)

327 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Ydd Corporation компаниясына қарасты ферроқорытпа зауытының қызметкерлері 2024 жылдың 20 шілдесі күні таңғы сағат 04.10-да орын алған жарылысқа төтенше жағдайды екі сағат өте шақырған және әуел баста оларды зауыт ішіне кіргізбей қойған. Бұл туралы бүгін үкіметтегі брифингте төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сыздықовтың айтуынша, біріншіден, зауыт әкімшілігі төтенше жағдай туралы екі сағаттан кейін ғана хабар берген.

«Негізінде ол жердегі апат таңғы сағат 04:10-да болған. Өкінішке қарай, бізге апат туралы ақпарат сағат 06:08-де түсті. Яғни, шақырту екі сағаттан кейін түсті. Біздің құтқарушылар оқиға орнына санаулы минуттарда жетті», - дейді Сыздықов.

Екіншіден, вице-министр атап өткендей, зауыт қызметкерлері әуел баста төтенше жағдайдың қызметкерлерін апат болған жерге кіргізбей қойған. Яғни, Сыздықов атап өткендей, олар өртті өз күштерімен тоқтатқысы келген.

«Өкінішке қарай, мекеме қызметкерлері құтқарушыларды кіргізбеуге тырысқан. Оларға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Айта кететін мәселе, Қазақстан аумағындағы барлық мекемелер төтенше жағдай орын алған кезде өз мекемесінің ішіне біздің құтқарушыларды кіргізуге міндетті. Сондықтан, зауытқа қатысты әкімшілік іс қозғалып, оларға 200 АЕК айыппұл салынады», - деді Сыздықов.

Оның айтуынша, қандай да бір апат болған мекеме «өз күші жете ме, жоқ па, оған қарамастан, төтенше жағдай қызметкерлерін оқиға орнына кіргізуге міндетті». Сондықтан, ферроқорытпа зауытының қызметкерлері жасаған әрекет заңға қайшы келеді деп атап өтті ол.

Естеріңізге сала кетейік, 20 шілдеде Қарағандыдағы Ydd Corporation компаниясының ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай орын алды. Апаттан зардап шеккен 8 жұмысшының 4-еуі қаза тапты. Қалған төртеуі ауруханада.

Ашық дереккөздегі ақпаратқа сүйенсек, зауыттың құрылтайшылары арасында мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулиннің сыңары Ерлан Нығматулин бар.

30 шілде, 14:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.