Атырау, 13 қараша 18:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 494.95
€ 525.49
₽ 5.05

​Антикордың «Ертіс Орманы» бойынша ұсынуы Экология министрлігінде қаралды

424 просмотра

Ағымдағы жылы 26 шілдеде Экология және табиғи ресурстар министрлігінде «Ертіс Орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының лауазымды тұлғаларына қатысты іс бойынша ұсыну қаралды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі. 

Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев, уәкілетті органның басшылығы мен қызметкерлері қатысты. 

Ұсыну табиғи резерватта сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған.
 
Резерваттың бас директоры басшылық еткен ұйымдасқан қылмыстық топ ағашты технологиялық және отын ағашының түрінде заңсыз сату арқылы аса ірі мөлшерде орман ағашын жымқырды деп күдіктелуде. 

ҰҚТ-ның қылмыстық әрекеттері нәтижесінде, мемлекетке 150 млн теңгеден астам сомада залал келтірілді. 

Министрлікке сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша, оның ішінде орман қорын түгендеу және қорғау процестерін цифрландыруды енгізу жолымен кешенді шаралар қабылдау ұсынылды. 

ҰҚТ қатысушылары қамауда.  

Сотқа дейінгі тергеу аяқталды.  

Жұмыс жалғасады.  

30 шілде, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.