Атырау, 27 сәуір 09:15
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Парламент міндетті мүшелікті қарастыратын кәсіпкерлер палатасы туралы заң қабылдады

1 782 просмотра

АСТАНА,   27  мау  –Қазақстан жаңалықтары АА.  Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасындағы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» ҚР Заңы қабылданды деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Қабылданған заңның арқасында кәсіпкерлік субъектілерін шоғырландыру, мемлекеттік экономикалық саясатты әзірлеу және іске асыру кезінде кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік органдарымен өзара тиімді іс-қимылын ұйымдастыру арқылы бизнес мүддесінің ескерілуі қамтамасыз етілмек.

Заңның тұжырымдамасына сәйкес, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының континентальдық (еуропалық) үлгісі қалыптасады. Бұл кәсіпкерлердің жалпыға бірдей мүшелігіне негізделмек. Ал мұндай континентальдық үлгі Франция мен Германияда дүниеге келген. Қазір көптеген еуропалық елдерде осы үлгі табысты іске асып келеді.

Құжатқа сәйкес, Ұлттық кәсіпкерлік палатасы өңірлік кәсіпкерлік палаталарын әрбір облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада құра алатын болады. Бұл ретте облыстың, маңызы бар қалалардың, Астананың аумағында бір ғана Өңірлік кәсіпкерлер палатасы құрылып, жұмыс істейтін болады.

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады. Тоқтала кететін жайт, бүгінгі отырыста Сенат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Дереккөз: newskaz.kz

27 маусым 2013, 12:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.