Атырау, 23 қараша 18:51
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Төрт балабақша таңдауға болады

669 просмотра
Көрнекі сурет

Енді ата-аналар баласын кезекке қоярда 4 балабақшаға дейін таңдай алады. Бұл туралы қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенова мәлім етті.

Дүйсекенованың мәліметінше, қазір Атырау қаласы бойынша 2-ден 6 жасқа дейінгі балаларды балабақшамен қамту 80 пайызға ал, 3-6 жас аралығындағы  балаларды қамту 100 пайызды құрайды. Жыл басынан 45 мемлекеттік, 77 жеке меншік бөбекжай мемлекеттік тапсырыс алып отыр. Мемлекеттік–жекеменшік әріптестік аясында 290 орындық 9 балабақша ашылып, қолданысқа берілді.

- Атырау қаласында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 17 мың бала кезекте тұр. Бүгінде балаларды кезекке қою және қабылдау толықтай автоматтандырылған. ҚР Білім және ғылым министрлігі әзірлеген балабақшаларға кезекке тұру және жолдама алудың жаңа ережелерге көшуіне байланысты біріңғай кезектілікке ауысу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жаңа ереженің тиімділігі – ата-анаға төрт балабақшаға дейін таңдауға мүмкіндік беріледі. Содан соң 1414-тен өзі таңдаған балабақшаға кезекке қойылды деген мемлекеттік қызмет көрсету хабарламасы келіп, электронды жолдама беріледі, - деді А.Дүйсекенова.

Бүгінгі күні Атырау қаласы бойынша балабақшада тәрбиеленушілер саны – 19мың 959. Оның ішінде мемлекеттік балабақшаға барып жүргендер – 11 мың 783. Одан бөлек мемлекеттік тапсырыс алып отырған жеке меншік балабақшада - 7823, шағын орталықтағы балалар – 353 бала тәрбиеленуде. 

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

30 шілде, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.