Атырау, 3 қыркүйек 04:47
 дождьВ Атырау +16.6
$ 455.40
€ 526.99
₽ 5.25

Бүгін – халықаралық жолбарыстар күні

1 032 рет қаралды

Жыл сайын 29 шілде бүкіл әлемде Халықаралық жолбарыстар күні ретінде аталып өтіледі,деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл мереке 2010 жылы осы жыртқыш аңның популяциясын сақтау проблемаларына арналған Санкт-Петербордағы «Tiger Summit» халықаралық форумында бастама болып көтерілген. Нәтижесінде 2022 жылға дейін жабайы табиғатта жолбарыстардың санын көбейтуді көздейтін «Жолбарысты қалпына келтірудің жаһандық бағдарламасы» құрылды.

Халықаралық жолбарыс күнін өткізудің басты мақсаты – жолбарыстардың жойылып кету проблемасы және оларды қалай қорғау керектігі туралы көпшілікке хабарлау. Осы күнге әртүрлі елдерде көптеген тиісті іс – шаралар-тақырыптық көрмелер, телешоулар, хайуанаттар бағындағы экскурсиялар, қайырымдылық және ағартушылық акциялар және тағы басқалар орайластырылған.

29 шілде 2024, 17:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.