Атырау, 20 қыркүйек 23:33
 ашықВ Атырау +19
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

Жайлы мектеп: 21 оқу орны тамыз айында ашылады

380 просмотра
Фото: ҚР Үкіметі

Үкіметте премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының іске асырылу барысы талқыланған кеңес өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде 2026 жылға дейін 740 мың оқушы орнына арналған жаңа форматтағы 369 мектеп салу жоспарлануда. Бүгінгі таңда 217 мектеп бойынша қарқынды жұмыс жүргізіліп жатыр.

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы М. Айманбетов алғашқы нысандарды іске қосу белгіленген мерзімнен бұрын аяқталғанын хабарлады. Яғни, 21 жайлы мектеп тамыз айында оқу жылы басталғанға дейін ашылады.

Бұдан әрі жоспарға сәйкес қыркүйек айында 18 мектеп, қазан айында тағы 58 және жыл соңына дейін 112 мектеп ашылады.

«Елімізде түрлі қаржы көздері есебінен 85 мектептің құрылысы жүргізілуде, оның ішінде 8 мектеп пайдалануға берілді және 30-дан астам мектепті жаңа оқу жылы басталғанға дейін салу жоспарлануда», - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ ұлттық жобаның 2-кезеңін іске асыру бойынша, 2025 жылдың соңына дейін 152 жайлы мектеп салу үшін мердігерлік ұйымдарды анықтау бойынша конкурстарды қысқа мерзімде өткізу тапсырылды.

Жиналыс барысында Роман Скляр уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға отандық өндірушілерді барынша тарту, құрылыстың сапасына қатаң бақылау жасау, пайдалануға берудің белгіленген жоспарын сақтау бойынша шараларды қамтамасыз етуді тапсырды.

29 шілде, 10:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.