Бүгін цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев әлемге танымал венчурлық қорлардың өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Олардың арасында әлемге танымал авторлар Скотт Купер, Илья Стребулаев пен Алекс Данг бар.
Екі тарап венчурлік инвестиция саласындағы ынтымақтастықты талқылаған. Дереккөзге сүйенсек, Жаслан Мәдиев атақты венчур Илья Стребулаевқа Қазақстанның премьер-министрі Олжас Бектеновтің елге шақыруын табыс еткен. Стребулаев шақыруды қабыл алған-алмағаны белгісіз.