«Ақ Жайық»редакциясыоблыстық прокуратура 2010 жылғы ғимаратының құрылысы мен билығы күрделі жөндеу жұмыстарының құнын білу мақсатында ресми сауал жолдаған. Облыс прокурорының орынбасары Ғалымжан Тлеубаевтың қолы қойылған жауап келді.
Әуелі редакцияның сауалын келтірейік:
- 2010 жылы салынған Атырау облыстық прокуратурасы ғимаратының құрылысы құны қанша болды?
- 2010 жылы Атырау облыстық прокуратурасы ғимаратын салуға бюджеттен қанша бөлінді? Қай бюджеттен бөлінді? Құрылысты қаржыландыру көзі?
- 2010 жылы Атырау облыстық прокуратурасы ғимаратын кім салды? Мердігер компания қандай?
- Биыл 2010 жылы салынған Атырау облыстық прокуратурасы ғимаратының күрделі жөндеуге бюджеттен қанша бөлінді? Қаржы қайдан бөлінді және қалай бөлінді? Қай бюджет?
- Биыл 2010 жылы салынған Атырау облыстық прокуратурасы ғимаратының күрделі жөндеумен қай мердігер мекеме айналысып жатыр? Мердігер қалай таңдалды? (мемлекеттік сатып алу порталында көрсетілмеген).
Прокуратура бұл сауалдар бойынша «ақпарат шектелген» деген жауап берді. Жауап мәтінін толық беруді жөн санадық:
«Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерді айқындау қағидасына (Үкіметтің 07.10.2011ж. №1151 қаулысымен бекітілді) сәйкес Бас прокуратураның, облыстар прокуратураларының әкімшілік ғимараттары мен объектілері аса маңызды мемлекеттік объектілердің санатына жатады (5-тармақ).
Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптар осы қағидада көзделген.
Тиісінше аталған объектілер бойынша мәліметтер қызметтік ақпаратқа жатқызылған.
Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларының 3-тармағына сәйкес (Қазақстан Республикасы Үкіметтің 24.06.2022 № 429 қаулысымен бекітілген, бұдан әрі - ҚБП бойынша қағидалар) «Қызмет бабында пайдалану үшін» (бұдан әрі – «ҚБП») және (немесе) «Жасырын» белгілері бар құжаттарда, істер мен басылымдарда, электрондық және өзге де жеткізгіштерде тіркелген таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа таратылуына қызметтік қажеттілікпен шектеу қойылған мәліметтер жатады.
ҚБП бойынша қағидаларының 4,10 - тармақтарында жұмысында таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты пайдаланатын адамдар ақпаратты қорғау, қызметтік міндеттерін орындау кезінде өздері алған мәліметтерді сақтау және жария етпеу жөніндегі талаптарды орындайды.
Мемлекеттік органдар ашық жариялануы немесе жария етілуі ұйым мүддесіне нұқсан келтіруі мүмкін «ҚБП» белгісімен шектелетін құжаттардың тиісті ведомстволық тізбелерін әзірлейді. Көрсетілген тізбелер мемлекеттік органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Мердігерлер, жеткізушілер, тұтынушылар, сатып алушылар, клиенттер және басқа да серіктестер туралы жүйелендірген мәліметтер шектеуге жататын қызметтік құжаттар тізбесіне енгізілді (Бас Прокурордың 26.02.2024 жылғы №29 бұйрығы).
Осы ретте сұрау салынған ақпарат қолжетімділігі шектелген ақпаратқа жатуына байланысты Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 18-1-бабының 2-тармағына сәйкес мәлімет ұсынылмайтыны назарыңызға беріледі».
Дайындаған Айнұр САПАРОВА