Атырау, 2 маусым 11:28
 дождьВ Атырау +15.1
$ 488.96
€ 569.49
₽ 6.81

Мас полицей Ақтөбеде ерлі-зайыптыны қаққан: 7 қызметкер жұмысынан босатылды

959 рет қаралды

Ақтөбе полициясы қайғылы оқиғадан кейін бірден жеті қызметкерді жұмыстан шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ішкі істер органдарының 34 жастағы қызметкері Ақтөбе облысында ерлі-зайыптыны қағып өлтірді. Қайғылы оқиғадан кейін жол-көлік оқиғасына қызметтік тексеру жүргізілді.

Полиция қызметкері үйлену тойынан кейін мас күйінде Kia көлігін басқарған. Салдарынан 25 және 26 жастағы ерлі-зайыптыны қағып өлтірген.

Ақтөбе облысының полиция департаменті редакцияға сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

«Қызметтік тексеру жүргізілді, нәтижесінде 7 жауапты қызметкер, оның ішінде тікелей басшылар да өз лауазымдарынан айырылды», - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі. 

Күдікті қамауға алынды.

26 шілде 2024, 11:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.