Екі жыл бұрын әкімдік жариялаған қайта жарақтау жобасының құны 27-ден 34 миллиард теңгеге дейін өсті.
2022 жылдың аяғында қала әкімдігі Жайық өзенінің екі жағалауындағы: Әлиев көпірінен темір жол көпіріне дейін (оң жағалау) және Жилгородоктағы Одесская көшесінен Темірханов көшесіне дейін (сол жағалау) жағалауды қайта жарақтау жоспарын жариялады.
«ЛМ Транспроект» ЖШС әзірлеген жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) сол уақытта мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алған, содан кейін соманы азайту мақсатында жобаны түзету туралы шешім қабылданған.
Алайда, Атырау қалалық әкімдігінің редакция сауалына берген жауабынан белгілі болғандай, айналғанда бәрі керісінше болып шыққан.
Түзетулер нәтижесінде оң жақтағы жағалаудың ұзындығы көбейді - қайта жарақтау жұмыстары теміржол көпірінен әрі қарай да «жүргізіледі». Биоәжетхана саны да көбейіп, жаңа заманауи қалқалар қосылды.
«Жобаның еңбек сыйымдылығы мен инертті құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты түзетуден кейінгі сома 34,4 млрд теңгені құрайды», - делінген әкімдіктің хатында.
ЖСҚ мемлекеттік сараптамадан екінші рет (осы жылдың сәуір айында) өтіп, жұмыстар жүргізу үшін бюджеттен қаражат сұралды.
Айтпақшы, бұған дейін қала әкімдігі жоба бойынша «әр қала тұрғыны өз пікірін білдіре алатын» қоғамдық тыңдаулар өткізуге уәде берген еді. Шамасы, ол уәдесін ұмытып кеткен секілді.
Лев ГУЗИКОВ