Атырау, 25 желтоқсан 12:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Жол ережесі баршаға бірдей

4 195 просмотра

- Бұрын Студент даңғылында бетоннан құйылған бөлгіш жолақтар бар болатын, қазір оларды алып тастады. Енді бұл жер нағыз жарысу алаңына айналған, әсіресе түнде моторлардың гүрілі ғана естіледі. Бетонды бөлгіштің орнына қос тұтас жолақ жасалған. Жақын маңдағы үйлерде тұратындарға аулаға айналмай кіру үшін қос жолақты кесіп өтулеріне болады деп естідім. Осы рас па?

Телефон арқылы

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары (ТКШ, ЖТ және АЖ)  бөлімінің бастығы Жұмабай ҚАРАҒАЕВТЫҢ айтуынша, бетонды бөлгіш тазарту жұмыстары кезінде қиындықтар туғызған, ал оның кейбір бөліктері жарамсыз болып қалғандықтан алынып тасталған.

ІІД ЖПБ жол-техникалық қадағалау бөлімінде қос тұтас жолақты ешкімге де кесіп өтуге болмайтынын хабарлады. «100 метр қашықтықта айналма жол бар, сол жерден солға қарай бұрылуға болады».

8 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.