Атырау, 8 қыркүйек 04:17
 ашықВ Атырау +21
$ 480.55
€ 533.75
₽ 5.36

«Қазақмысты» қауіпсіздік қызметінің басшылары тонаған – ІІМ (ВИДЕО)

543 просмотра
Фото: Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қарағанды облысы прокуратурасы бірлесіп, «Қазақмыстан» металл және тауар ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жергілікті криминалитеттен басқа қылмыстық әрекетке кәсіпорын қызметкерлері, оның ішінде қауіпсіздік қызметінің басшылары мен қызметкерлерінің қатысы бар болуы мүмкін.

«Қарағанды облысының полиция департаментіне 20-дан астам күдікті жеткізілді. Тінту іс-шаралары барысында олардан атыс және травматикалық қару, автокөлік, қаражат және қылмыстық іс бойынша басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етілмейді», – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Қылмыстық іс-әрекет салдарынан келтірілген залал анықталып жатыр.

26 шілде, 10:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.