Атырау, 19 қараша 10:36
 бұлттыВ Атырау +5
$ 497.89
€ 525.12
₽ 5.00

Оралда Жайық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау мәселесі талқыланды

961 просмотра

2024 жылғы 25 шілдеде Орал қаласында Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі Қазақстан-Ресей Комиссиясының сараптамалық кеңесі өтті, деп хабарлайды ҚР экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі. 

Кеңеске Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев, Батыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстары әкімдіктерінің, орталық мемлекеттік органдардың, жұртшылықтың өкілдері, Қазақстан мен Ресей ғалымдары қатысты.

Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау және қалпына келтіру жөніндегі қазақстан-ресей ынтымақтастығының 2021-2024 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру барысы туралы ақпарат тыңдалды.

Сондай-ақ:

Жайық өзені бассейні мониторингінің талдау нәтижелері, су режимінің қазіргі заманғы өзгерістері және Жайық өзені бассейніндегі су ресурстарымен кепілдендірілген қамтамасыз ету проблемалары;

Жайық өзені бассейніндегі климаттың өзгеруінің өңірлік үрдістері;

Жайық өзені бассейніндегі бекіре және жайылмалы ормандарды сақтау мен молықтырудың қазіргі заманғы проблемалары;

ағымдағы жылғы су тасқыны салдарлары және басқа да мәселелер талқыланды.

Бұл іс-шара Жайық күніне арналған апта аясында өткізілді.

26 шілде, 09:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.