Атырау, 31 қазан 12:55
 бұлттыВ Атырау +10
$ 488.45
€ 529.19
₽ 5.04

Қызылорда облысында үш шақырым траншея қазған серіктестікке айыппұл салынды

497 просмотра

Қызылорда облысының жер ресурстарын басқару департаментімен ЖШС-тің қызметінде жер заңдылықтарының сақталуына мемлекеттік бақылау жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. 

Тексеру барысында ЖШС-гі қоршау мақсатында 3 (үш) шақырым жерде траншея қазып, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданындағы көлемі 0,45 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді бүлдіру арқылы заң бұзушылыққа жол бергені анықталды. 

ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 337-бабымен ЖШС-не 1 292 200 теңге айыппұл салынып, мемлекет кірісіне өндірілді.

Сонымен қатар Департаментпен ҚР Жер кодексінің 148-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес ЖШС-не «Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы» орындалуға міндетті нұсқама берілді. 

Қазіргі кезде, ауыл шаруашылығы мақсатындағы бүлінген жерлер қалпына келтіріліп, заң бұзушылық жойылды.

25 шілде, 17:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.