Бүгін, 25 шілде күні Павлодар облысы Майқайың ауданында алты ай бұрын жер астына түсіп кеткен автобустағы төртінші адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2024 жылдың 25 шілдесінде сағат 16:05-те 75 метр тереңдікте автобус жүргізушісінің денесі табылды», - деп хабарлады ТЖМ-ның баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, 19 шілде күні осы жерден 36 жастағы құтқарушы Айдос Шәймерденнің денесі табылған болатын. Бұл автобус 2024 жылдың 4 қаңтарында жер астына түсіп кеткен болатын.