Атырау, 8 қыркүйек 04:39
 ашықВ Атырау +21
$ 480.55
€ 533.75
₽ 5.36

Су тасқыны: Үкімет бөлген ақша бизнестің тек үштен біріне жеткен

392 просмотра

Төтенше жағдайдан зардап шеккен халық пен бизнеске келтірілген залалды өтеу кезінде туындаған проблемалар вице-премьер Қанат Бозымбаевтың төрағалымен өткен кеңесте талқыланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кәсіпкерлерден жалпы көлемі 3,4 млрд теңгеге 291 өтінім келіп түскен. Қаражат Үкімет резервінен бөлінсе де, өтініш берушілердің үштен бірі ғана өтемақы алған.

Осыған байланысты вице-премьер бизнеске төлем жасаудың әдістемесін пысықтауды, оның ішінде АӨК кәсіпкерлеріне келтірілген залалды өтеуді тапсырды.

«Мұндай бюрократия тұрғындар арасында наразылық тудырады. Осы жағдайды анықтау үшін бұл істі қолға аламын. Біз су тасқыны туралы емес, су тасқыны мысалында әрекет ету жүйесінің дайындығы туралы айтып отырмыз. Біз ТЖ-ға тез ден қойып, зардап шеккен азаматтар мен ШОБ үшін қажетті көмекті жедел жеткізуіміз керек. Жұмыс тобын құрып, барлық рәсімдерді жеңілдетіңіздер», - деді премьер-министрдің орынбасары.

Сондай-ақ, су тасқыны кезінде техниканың жетіспеушілігі мәселесі туындап, оны басқа облыстардан жеткізген.

«Бірқатар өңірде әкімдер қолда бар автопарк саны туралы ақпаратты білмеген, сондықтан арнайы есепке алуды жолға қою қажет. Көлік министрлігі осы талқылауды ескере отырып, техниканы, оның ішінде жеке ұйымдармен тиеу, жеткізу және түсіру алгоритмін пысықтауы қажет. Оларды ТЖ аймақтарына тарту және жеткізу үшін шығындарды өтеу тетігін көздеу керек. Мұның бәрін заңнамалық тұрғыдан реттеп, бір ай мерзімде келісілген ұсыныстар енгізу қажет», — деді Қанат Бозымбаев.

Вице-премьер Ұлттық экономика және Қаржы министрліктеріне ҚНРДА және АХҚО-мен бірлесіп, 1 ай мерзімде апатты бондтар шығару және мүлікті сақтандыру бойынша қажетті есептеулер жүргізуді тапсырды.

Сонымен бірге облыс әкімдіктеріне су тасқынының алдын алу шараларын қамтамасыз етіп, барлық гидротехникалық және қорғаныс құрылыстарын тексеріп, айналма арналарды дайындау тапсырылды. Ал, Қаржы министрлігіне әр өңірде тұрақты, азаймайтын, келесі жылға ауысатын және тек төтенше жағдайларда қолданылуы керек төтенше резерв құру жөнінде ұсыныстар енгізу міндеттелді.

25 шілде, 16:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.