Атырау, 8 қыркүйек 04:42
 ашықВ Атырау +21
$ 480.55
€ 533.75
₽ 5.36

Қазпоштаның қызметкерлері бөтеннің сәлемдемелерін ұрлаған – Бас прокуратура

372 просмотра
Фото: https://qazpost.kz/

Қазпошта қызметінде азаматтардың 10 мыңнан астам жолданымы тіркелмеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті «Қазпошта» АҚ қызметінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі талаптарының сақталуына, сондай-ақ статистикалық есептің дұрыстығына тексеру жүргізді.

Тексеру барысында жолданымдарды тіркемеудің 10 мыңнан астам фактісі, 2 мыңға жуық мемлекеттік құқықтық статистиканы бұрмалау, 249-жолданымдарды уақтылы тіркемеу, өтініштерді қарау мерзімдерін бұзудың 94 фактісі және өзге де кемшіліктер анықталды, - делінген ақпаратта. 

Бұдан басқа, «Қазпошта» АҚ пайдаланатын электрондық құжат айналымы жүйесін құжаттау, пайдалану тәртібін реттейтін құқықтық актілер Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес келмегені анықталды. Тексеру нәтижелері бойынша Комитет және оның аумақтық органдары заңдылықтың бұзылуын жою туралы 21 ұсыну енгізді, 20 әкімшілік іс қозғалды.

Қадағалау актілерінің қаралу нәтижесінде 48 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке және 20-сы әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Сонымен қатар, құқық қорғау органдарына хабарланбаған бөтеннің мүлкін ұрлау, сондай-ақ алаяқтық фактілері анықталды, осылайша аталған қылмыстық құқық бұзушылықтар есепке алынбай, олар бойынша процестік шешім қабылданбаған, - деп хабарлады прокуратура. 

Осы ретте, Комитеттің бастамасы бойынша «Қазпошта» АҚ филиалдары арқылы жіберілген сәлемдемелерді ұрлаудың 3 фактісі, сондай-ақ коммуналдық қызметтерді төлеу үшін қабылданған ақшалай қаражатты ұрлау дерегі Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

25 шілде, 15:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.