Атырау, 8 қыркүйек 04:37
 ашықВ Атырау +21
$ 480.55
€ 533.75
₽ 5.36

Париж олимпиадасына 1 күн қалды: қызық деректер топтамасы

358 просмотра
Фото: x.com/Paris2024

26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтетін Париж-2024 XXXIIІ Олимпиада ойындарының басталуына 1 күн қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бүкіл әлем халқы көз тігіп отырған шара жөнінде қызық деректер ұсынамыз:

  • Олимпиада ойындарының ашылуы күні Париждегі әуе кеңістігі жабылады.
  • Парижді 75 мыңға жуық полиция, сарбаздар мен жалдамалы күзетшілер күзетеді.
  • Бұл Парижде өткелі отырған үшінші жазғы Олимпиада.
  • Соңғы халықаралық жарыс Франция астанасында дәл 100 жыл бұрын өткен.
  • Париж Олимпиадасында 80 қазақстандық спортшы сынға түседі.
  • Қазақстан құрамасының туын Асланбек Шымбергенов пен Ольга Сафронова ұстап шығады.
  • Алғаш рет қатысушы елдердің спортшылары стадионда емес, Сена өзенінде қайықпен жүзіп өтеді.
  • 206 елден 10,5 мыңға жуық спортшыны тасымалдау үшін 80 қайық іске қосылады.
  • Олимпиада ойындарына алғаш рет брейкинг қосылды. Жарыс бағдарламасынан карате, бейсбол және софтбол сынды спорт түрлері алынып қалды.
  • Әйелдер алғаш рет жазғы Олимпиадаға 1900 жылдан бастап қатыса бастады. Бұл кезде де жарыстар Парижде өткен. Ол кезде небәрі 13 әйел қатысқан.
  • 2024 жылғы Олимпиада ойындары – тарихтағы алғашқы гендерлік тең (әйелдер мен ерлер 50 пайыздан) жарыс.
  • Әйгілі америкалық рэпер Снуп Догг олимпиада алауының эстафетасына қатысады.
  • Бар әлемнен 26 мың журналист аккредитация алған.
  • Париждегі олимпиадалық ауылда 2 500-ге жуық үй салынды. Ойын кезінде аталған ауыл 14 500 атлетті сыйдыра алады.
  • Жабылу салтанатында эстафета АҚШ-қа жолданады. 2028 жылғы жазғы Олимпиада Лос-Анджелесте өтеді.
25 шілде, 12:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.