Оқиға 23 шілде күні болған. Toyota Highlander көлігін тізгіндеген имам клуб маңынан ұсталған, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Ол сот отырысында өз кінәсін мойындамаған.
Сот шешімімен Қостанай облысының бас имамы кінәлі деп танылды. Оған қоса, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Сондай-ақ ол 15 тәулікке қамауға алынды.
"Тәжімбет Бахытбек Нұрғабылұлы ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылсын, оған осы бап бойынша 15 тәулікке қамаққа алу және 7 жылға көлік басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалсын", – делінген сот қаулысында.
Ал ҚМДБ Қостанай қаласының бас имамы Бахытбек Тәжімбет туралы ақпаратты ресми сайтынан өшіріп тастаған.