Атырау, 8 қыркүйек 04:40
 ашықВ Атырау +21
$ 480.55
€ 533.75
₽ 5.36

Ферроқорытпа зауытындағы апат: екі жұмысшының халі жақсарды

394 просмотра
фото: Информбюро

Қарағанды ферроқорытпа зауытындағы апаттан зардап шеккен жұмысшылардың екеуі жалпы палатаға ауыстырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қарағанды ферроқорытпа зауытының зардап шеккен екі жұмысшысы профессор Х.Ж.Мақажанов атандағы көпсасалы аурухананың комбустиология бөлімінде жатқанын білесіздер. Дәрігерлер олардың халінің жақсаруына байланысты пациенттердің емдеу режимін жеңілдетті. Енді олар палата ішінде жүріп-тұра алады және пациенттердің жақын туыстарына қысқа уақытқа келуге рұқсат етілді», - деді профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың травматология орталығының басшысы Берік Төлеубаев.

Тағы екі науқас әлі де жансақтау бөлімінде, аса ауыр халде, деді дәрігер. Ақ халаттылар олардың өмірі үшін күресіп жатыр.

Еске салайық, 20 шілдеде Қарағандыдағы Ydd Corporation компаниясының ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай орын алды. Апаттан зардап шеккен 8 жұмысшының 4-еуі қаза тапты. Қалған төртеуінің ауруханада екені белгілі.

Ydd Corporation-ге қатысты ферроқорытпа зауытында болған оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. ҚР ҚК 156-бабының 2-бөлігі бойынша «абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша тергеу амалдары басталды.

25 шілде, 11:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.