Атырау, 22 қараша 21:07
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Кино да, концерт те болды

2 305 просмотра

25 маусым күні «Чаплин Синема» кинотеатрында Қазақстандағы корей киносының фестивалі өтті. Оңтүстік Корея елшілігінің жанындағы Корей мәдени орталығының бастамасымен бұл шара елімізде алтыншы рет, ал Атырауда бірінші рет өткізіліп отыр.

Кинофестиваль барысында екі фильм көрсетілді. Бірі - режиссер КИМ Сок Юнның «Детектив К» тарихи тақырыпқа жазылған қылмыстық комедиясы, екіншісі – режиссер КИМ Хен Судың «Автострада жұлдыздары» заманауи комедиялық мелодрамасы. Екі фильм де корей тілінде, орыс субтитрлерімен көрсетілді. Екі көрсетілім кезінде де бос орын болған жоқ. Алайда бұл күнгі шара тек кинематографиямен шектелмеді. Іс-шара «Атырау» ойын-сауық орталығының есігі алдында Оңтүстік Кореядан келген самульнори-барабаншылар ансамблінің есте қаларлық қойылымымен басталды. Концерттік бағдарламаны атыраулық «Тхоньил» ұлттық-мәдени орталығының ақсақалдар хоры жалғастырды. Олар корей тілінде өлеңдер айтып, көрермендердің қошеметіне ие болды.

- Осы кинофестиваль – Оңтүстік Корея халқын көпұлтты Қазақстан халқымен тығыз байланыстыратын достық көпірлерінің бірі, - деп атап өтті Қазақстан Республикасындағы Оңтүстік Корея елшілігінің жанындағы корей мәдени орталығының директоры Ви Мен-Де. - Әр ел халықтарын біріктірудің ең оңай жолы - бір-біріне мәдениеттерін, салттарын және дәстүрлерін таныстыру емес пе?

 

 

 

 

 

 

 

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

27 маусым 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.