Атырау, 8 қыркүйек 04:57
 ашықВ Атырау +21
$ 480.55
€ 533.75
₽ 5.36

«Qarmet» кәсіпорындарынан 50 млн теңгенің жанармайын ұрлаған топ құрықталды

362 просмотра
Фото: Polisia.kz

Ақмола облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы «Qarmet» АҚ өкілдігінің аумағынан жанар-жағармай материалдарын ұрлау бойынша қылмыстық схеманы жолға қойған адамдар тобының заңсыз әрекетіне тосқауыл қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Топ мүшелері өздерінің бұл әрекеттерін ұзақ уақыт бойы жүзеге асырған. Жәбірленуші тараптың мәліметтері бойынша, олардың кесірінен кәсіпорынға 50 млн теңгеден астам сомаға шығын келтірілген.

«Бұдан басқа, «Qarmet» АҚ қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, кәсіпорын қызметкерлерінің, оның ішінде күзет қызметінің жанар-жағармай жымқыруға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Тінту іс-шаралары барысында ұсталғандардан 5,5 тоннаға жуық дизель отыны, ірі көлемде қаражат және іс бойынша өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Еске салайық, Ішкі істер министрлігі «Qarmet» зауытынан (бұрынғы АрселорМиттал) ұрлық жасады деген күдікті Мирас Ахметжанов пен Андрей Чижевский есімді азаматтарға іздеу жариялады. Олар қылмыстық топпен бірге аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.


25 шілде, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.