Қазақстандықтарға зейнетақы қорынан тіс емдетуге берілетін бір реттік төлемге уақытша тыйым салынады. Бұл туралы Ашық НҚА порталына Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығының жобасы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министрлік 2024 жылғы 10 тамыздан бастап 2025 жылғы 1 ақпанға дейін медициналық ұйымдарда көрсетілетін стоматологиялық қызметтер, атап айтқанда тісті протездеу және имплантациялау қызметіне зейнетақы қорындағы жинақты пайдалануға тоқтау салып отыр.
Алайда балаларды емдеу үшін біржолғы зейнетақы төлемін пайдалануға болады.
Бұйрықтың жобасы 7 тамызға дейін талқыланады.