Атырау, 29 наурыз 10:19
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Спорт жаңалықтары

4 189 просмотра

Самбошылар - кілемде

«Жасбатыр» спорт залында Дене тәрбиесін және спортты дамыту өңірлік орталығы ұйымдастырған облыстық жекпе-жек фестивалі жалғасуда. Өткен демалыс күндері мұнда самбошылар күресті.

Жеңімпаздар мыналар: 30 келіге дейін – Айбек Құсанов, 34 келіге дейін – Мәди Мәжитов, 38 келіге дейін – Асқар Есбосынов, 42 келіге дейін – Абылай Түгелбаев, 46 келіге дейін –Ерлан Қазиев, 50 келіге дейін – Ерасыл Жомартұлы, 55 келіге дейін – Дәурен Хасанов, 60 келіге дейін – Аманқос Сәрсекен, 66 келіге дейін – Жәлел Нұрышев, 66 келіден жоғары – Әмір Табылдиев.

***

 

Финдер ойланып жүр

«Бейбарыс» хоккей клубы команда құрамындағы кейбір өзгерістер туралы хабарлады.

- «Бейбарыстан» павлодарлық «Ертіске» Томми Никкиля мен Осси Иконен кетті. Йонас Коскинен, Кари Сихвонен, Александр Долишня және Максим Шарифьяновтар басқа командалардан келген ұсыныстарын ойлау үстінде. Ағайынды Илья мен Павел Акользиндер, Александр Зубков, Евгений Дерябин, Михаил Милотински, Денис Козырев, Томаш Хорна, Алексей Данилов, Витеслав Билек, Алдис Аболиньш және Вячеслав Трясуновтар «Бейбарыспен» келісімшарттарын ұзартты. Қазіргі уақытта барлық хоккейшілер 1 шілдеге дейін демалыста, - деп хабарлады клубтан.

***

 

Сеулдегі жеңіс

Әскери самбодан Сеулде өткен Азия чемпионатында облыстық джиу-джитсу федерациясының шәкірттері жақсы өнер көрсетті.

90 келіге дейінгі салмақта Рүстембек Жереншиев 4 айқаста да басымдықпен жеңіске жетіп, алтын ұтып алды. 100 келіге дейінгі салмақта Арғын Сабиров финалда қырғыз спортшысына жол беріп, күмісті місе тұтты. Қазір спортшылар қазан айында Санкт-Петербургте өтетін әлем чемпионатына дайындалуда. Оларды Айбар Есенғалиев пен Ерболат Сатыбалдиев жаттықтырады.  Спортшылар мен бапкерлер облыстық джиу-джитсу федерациясының президенті Нұржан Байғазиев пен вице-президенті Нұрлан Шаңгереевке үнемі көрсететеін қолдаулары үшін алғыс айтады.

***

 

Нұрсұлтан - чемпион

«Мұнайшы» спорт кешенінде Астана күніне арналған муай-тайдан ашық қала чемпионаты өтті.

Турнирге «Қайсар» (Атырау) және «Алан» (Доссор) спорт клубтарынан 70-тен аса спортшы қатысты. Жеңімпаздар мыналар: 2003-04 ж.т.Әділжан Амангелдиев (27 келіге дейін), Талғат Сабырұлы (30 келіге дейін); 2002-03 ж. т.Әбілхайыр Мұхтаров (30 келіге дейін), Мұхамбетали Мақсот (35 келіге дейін); 2001-02 ж. т.Жасұлан Қалиев (28 келіге дейін), Сұлтанбек Жаналияров (30 келіге дейін), Еркебұлан Асқарұлы (32 келіге дейін), Еламан Өтегенов (35 келіге дейін); 1998-99 ж. т.Қуанышбек Тұралиев (38 келіге дейін),Айбек Ақылбеков (45 келіге дейін), Абылай Құралбаев (48 келіге дейін); 1996-97 ж. т.Данияр Аққалиев (57 келіге дейін), Нұрсұлтан Самиғазиев (60 келіге дейін), Артем Кувшинов (63,5 келіге дейін), Қуаныш Әлібеков; ересектер арасындаИсламбек Рахметов (54 келіге дейін), Нұрлыөркен Әміржанов (60 келіге дейін), Бауырбек Мұқажанов (63,5 келіге дейін), Орынбек Мұратбеков (67 келіге дейін) және Жұмабек Мыңбай (81 келіге дейін).

***

 

Жеңілістің артында жеңіс бар

23 маусым күні футболдан ел чемпионатының 16-туры  аясында «Атырау» Қарағандыда жергілікті «Шахтердан» 2:3 есебімен ұтылып қалды.

Ойындағы есепті алаң иелерінің қорғаушысы Алдин ДЖИДИЧ 8-минутта ашты. 49-минутта шабуылшы Дәуренбек ТӘЖІМБЕТОВ есепті 2:0-ге жеткізді. Ойынның 59-минутында «Атырау» капитаны Валентин ЧУРЕЕВ айып алаңының сыртынан қатты соққы беріп, «тоғыздықтан» гол соқты. 75 минутта «Шахтер» ойыншысы Игорь ЗЕНЬКОВИЧ тағы бір доптың авторы атанды. Ол осы чемпионаттағы 10-добымен мергендер сайысында көш бастады. 81-минутта «Атыраудың» жас шабуылшысы Айбар НҰРЫБЕКОВ доп айырмасын қысқартты. Ойынның соңы ұсақ жанжалдармен өтіп, «Шахтердің» бір ойыншысы алаңнан қуылды. Біздікілер ойын аяғына дейін шабуылдағанмен, есеп сол күйінде қалды.

***

 

Бәрін ұтты

Атыраулық мүгедектер спорт клубының командасы Польшада өткен отырып ойнайтын волейболдан «Ельблонг кубогы» халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды.

Жарысқа «Атырау», «Ақтау» командалары, Польша құрамасы және поляк қалаларының 5 командасы қатысты. Турнир осы жылдың қыркүйегінде және келесі жылдың маусымында осы Ельблонг қаласында өтетін Еуропа және әлем чемпионаттарына дайындық ретінде өтті.

Атыраулықтар барлық ойындарда да 3:0 есебімен жеңіске жетті. Ақтық сында олар Польша құрамасын айқын басымдықпен ұтты. Ал Ақтау командасы турнирде үшінші орын алды.

«Атырау» командасының құрамы: Жанғали Сүйеуов, Александр Демеуов, Нұртау Мұхамбетқалиев, Расул Иманғалиев, Қуаныш Тәжіков, Бауыржан Сартаев, Ақылбек Шикебаев, Пердебай Намұратов, Берік Измағамбетов, Масуд Қожа (Иран) және Жалиль Имери (Иран). Бапкерлер: Бауыржан Тахауов пен Ернар Матеуов.

***

 

Палуандардың бас бәйгесі

30 маусымда Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде Астананың 15 жылдығына орайластырған абсолюттік салмақ дәрежесінде (түйе палуан) қазақша күрестен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің 3-финалы өтеді.

Оған еліміздің 16 өңірінен 2 палуаннан – 32 мықты спортшы қатысады. Жеңімпаз чемпионның «Алтын белбеу» белдігімен бірге 150 мың доллар мен 4,5 млн теңге тұратын «Hyundai» автокөлігін алады.

Атыраудан турнирге дзюдошылар Қайрат ӨТЕГЕН (салмағы 110 кг) мен Сұңғат ЗАКАРЬЯЕВ (85 кг) қатысады. Қазақша күрестен облыстың аға жаттықтырушысы Есенқос ЗҰЛҚАШЕВТЫҢ айтуынша, екі спортшының да дайындықтары жақсы. Қайраттың салмағы «түйе палуанға» келіңкірейді, алайда соңғы өткен қазақша күрестен облыс чемпионаттарында епті де айлакер Сұңғат ұтып жүр.

Турнир «КТК», «Қазақстан» және «Боец» телеарналарында көрсетіледі.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

27 маусым 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.