Ішкі істер министрлігі «Qarmet» зауытынан (бұрынғы АрселорМиттал) ұрлық жасады деген күдікті Мирас Ахметжанов пен Андрей Чижевский есімді азаматтарға іздеу жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дереккөзге сүйенсек, олар қылмыстық топпен бірге аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.
Мирас Ахметжанов 02.04.1987 жылы туған, Абай облысының тумасы, бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған. Андрей Чижевский 29.11.1987 жылы туған, Қостанай облысының тумасы.
«Іздеуде жүрген адамдардың орналасқан жері туралы ақпарат болса, ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментіне, яғни, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 1 мекенжайы бойынша немесе 8-705-177-14-19, 8-702-975-62-48, 8-775-299-79-97, 8-7172-72-20-99 телефондары арқылы хабарлауды сұраймыз», - деп жазған министрлік өз хабарламасында.