Атырау, 8 қыркүйек 04:40
 ашықВ Атырау +21
$ 480.55
€ 533.75
₽ 5.36

Ауа райы қолайлы болса, биыл егіннен жақсы өнім аламыз – министр

398 просмотра
Фото: freepik.com

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров биыл республика бойынша егіс алқаптарын әртараптандыру жоспары орындалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Осы жылы елімізде жалпы егіс алаңы 23,8 млн га құраған.

«Бидай алқабы 450,3 мың гектарға қысқарды, сондай-ақ майлы дақылдар және қант қызылшасы алқаптары сәйкесінше 608 мың және 9,4 мың гектарға ұлғаяды. Суды көп қажет ететін дақылдардың алаңы: күріш 6,9 мың гектарға, мақта 16 мың гектарға қысқарды. Биылғы егіс жұмыстарына жүргізілген сапалы дайындық жаздың қолайлы ауа райы жағдайында егілген егіннен жақсы өнім алуға мүмкіндік береді», - деді Сапаров үкімет отырысында.

Айтуынша, үкімет егіс науқанын қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудің барлық мәселесін шешкен. Алғаш рет көктемгі егіс жұмыстарына жеңілдетілген кредит көлемі жылдық «таза» 5%-бен 580 млрд  теңгеге дейін жетті. Өткен жылдары 180 млрд теңгеден аспаған.

«Бөлінген қаражаттың 406 млрд теңгесі игерілді, қалған 174 млрд тенгені игеру жұмыстарын жеделдету қажет», - деп тапсырды министр.

Сонымен қатар Аграрлық несие корпорациясы арқылы Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларды қорландыру есебінен ауыл шаруашылығы өндірушілеріне жеңілдікпен қаржыландыру беру арналары кеңейтілді. Алайда Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларды тарту бойынша белсенді жұмысты тек 5 өңір жүргізіп жатыр:

  • Солтүстік Қазақстан (20 млрд теңге);
  • Қостанай (20 млрд теңге),
  • Павлодар (10 млрд теңге);
  • Шығыс Қазақстан (10 млрд теңге),
  • Қызылорда (5 млрд теңге) облыстары.

Олар осы бағытқа 65 млрд теңге қарастырған.

«Қалған өңірлер Үкіметтің бастамасы негізінде іске асырылып жатқан шараларға тиісті деңгейде жұмыстар жүргізіп жатқан жоқ», - деп шағымданды Сапаров.
23 шілде, 11:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.