Атырау, 8 қыркүйек 04:37
 ашықВ Атырау +21
$ 480.55
€ 533.75
₽ 5.36

Қазақстандағы ауылдарға 1100 медицина қызметкері жетіспейді

310 просмотра
Фото: freepik.com

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ауылдардағы медициналық мекемелерге 1100 қызметкер жетіспейді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ұлттық жоба аясында денсаулық сақтау нысандарын медициналық кадрлармен қамтамасыз ету үшін кадрларға жалпы қажеттілік 1100 медицина қызметкерін құрайды. 2023 - 2024  жылдары 152 нысанда 656 медицина қызметкері (375 дәрігер, 281 орта медицина қызметкері) жұмысқа орналастырылды», - деді министр үкімет отырысында.

Кадрлардың орнын толтыру үшін Әлназарова өңір әкімдерінен жас мамандардың жетуіне мониторинг жүргізу және оларды бекіту, жұмыс жағдайларына қанағаттанушылыққа талдау жүргізу, сондай-ақ ауылда кадрларды ұстап қалу мақсатында жергілікті бюджет есебінен әлеуметтік қолдау шараларын күшейту бойынша шешімдер қабылдау жөніндегі жұмысты күшейтуді сұрады.

23 шілде, 11:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.