Атырау, 25 сәуір 09:21
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

«Бестікке» бағаланған бөлке

1 607 просмотра

Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасы «ЗаманГрупп» ЖШС-ін «МІНСІЗ» Халықтық сапа белгісімен марапаттады.

Қазақстанның тауарлар мен қызметтер нарығындағы үздік өндірушілерді осы белгімен жыл сайынғы марапаттау салтанаты Алматыда 15 маусымда өткен еді. 2000 жылдан бастап «Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасы» Мінсіз Бизнес Кәсіпорындары Қауымдастығымен бірге зерттеу жүргізіп келеді. Алынған нәтижелердің негізінде үздік компанияларды «МІНСІЗ» Халықтық сапа белгісімен марапаттайды. Бұл кеңестік дәуірдегі «Сапа белгісінің» аналогы.

14 жыл ішінде оны алғаш рет Атырау облысынан осы компания иеленіп отыр. «ЗаманГрупп» ЖШС - таныстыруды қажет етпейтін компания. 40-тан астам атаудағы нан мен нан-бөлке өнімдерінің алуан түрін, соның ішінде диеталық және тоқаштардың түр-түрін өндірумен айналысатын осы нан зауытының өнімдерін барша жан жақсы біледі.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

27 маусым 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.