Атырау, 31 қазан 12:55
 бұлттыВ Атырау +10
$ 488.45
€ 529.19
₽ 5.04

Талдықорғанда 2,5 жыл бойы қылмыстық топ жұмыс істеген: құрамында білім бөлімінің басшысы бар

368 просмотра

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бүгін 2023 жылдың қорытындысын жинақтап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндамасын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Елеулі істің бірі —  Талдықорған қаласында білім беру мекемелерінен 280 млн теңге ұрлаған қылмыстық топ әшкере болғаны жайлы ақпарат.

«Талдықорғанда 2,5 жыл бойы қылмыстық топ жұмыс істеді. Оның құрамына білім бөлімінің басшысы, бас және есептеу бухгалтерлері, сондай-ақ 13 мектептің бухгалтері қылмыстық іске қатысты болып шықты», - делінген ақпаратта.

Білім бөлімінің бас бухгалтерін ұстау кезінде 1 млрд теңге алынды.

«Сондай-ақ, жоғары білім жүйесінде де заң бұзушылық анықталды. 1 143 жалған диплом берілгені мәлім болды», - деп хабарлады сыбайлас жемқорлық қызметі.

Ұлттық баяндамада сыбайлас жемқорлық қызметі 2023 жылы тауарлар мен қызметтердің құнын 41,4 млрд теңгеге қымбаттауының алдын алғанын жазды.

22 шілде, 17:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.