Атырау, 21 қыркүйек 01:38
 ашықВ Атырау +20
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Орал қаласының әкімі қызметінен кетті

429 просмотра
Фото: Миржан Сатқанов парақшасынан

Орал қаласының әкімі Миржан Мұнайдарұлы Сатқанов қызметінен кетті. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

М.Сатқанов бұл қызметті екі жылдан астам уақыт бойы атқарды.

«Денсаулығым сыр беріп, қызметтен бұдан бұрын кетуді ойлап жүргенмін. Алайда көктемде қаламызда су тасқыны болып, мұндай қиын кезеңде жұмыстан шыға алмадым. Осылайша, өз міндеттерімді әріптестеріммен бірге жалғастыра бердім. Біз барша оралдықтармен бірге үлкен жұмыс ісдедік деп ойлаймын. Тек көктемгі су тасқынымен күресіп, оның салдарымен айналысқан кезде ғана емес, сонымен бірге 2 жыл бойы сүйікті қаламызды одан ары көркейтуге тырыстық. Бұл – туған жеріне жанашыр әр азаматтың өлшеусіз еңбегі. Қазір барлық салада жұмыс жолға қойылған. Жаңадан тағайындалатын қала әкімі өңірдегі жағдайды жедел түсініп, жұмысты жүйелі жалғастыратынына, ал болашақта шаһарымыз үшін жаңа жобаларға бастамашы болатынына сенемін», - деп жазды М.Сатқанов.

Миржан Сатқанов Орал қаласының әкімі болып 2022 жылы 26 сәуірде тағайындалған еді.

22 шілде, 14:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.