Атырау, 3 қыркүйек 06:53
 дождьВ Атырау +13
$ 455.40
€ 526.99
₽ 5.25

«Қазпошта» АҚ кассирлері 84 миллион теңгені қолды қылды

768 рет қаралды

Алматы облысы Жамбыл ауданының халыққа қызмет көрсету бөлімінде қызмет көрсететін «Қазпошта» АҚ кассирлері 2021-2023 жылдар аралығында паспорт және жеке куәлікті рәсімдеу барысында мемлекеттік баждың бір бөлігін иемденіп отырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Көші-қон қызметіне баж соммасы жайлы көрінеу жалған ақпарат енгізілген түбіртекті ұсынып, мемлекетке 84 млн теңгеден аса шығын келтірген», - деп хабарлады ҚМА.

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы облысы прокуратураның үйлестіруімен мемлекеттік қызметтер көрсетілгендігі үшін жасалған төлемдерді аса ірі мөлшерде жымқыру мән-жайы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес жарияланбайды.

Қаржылық мониторинг агенттігі экономикалық құқықбұзушылықтар үшін заңмен жауапкершілік көзделгендігін ескертеді.  

22 шілде 2024, 11:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.