Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Қаныш Сәтпаевтің ғылыми қызметі Жезқазған қаласымен тығыз байланысты болғандықтан, №65/66 "Астана-Жезқазған" бағытындағы пойыз рәсімделді. Рәсімделген пойыз күздің басына дейін күнара қатынайтын болады.
Қазақтың көрнекті қайраткерлеріне арналған тақырыптық жобаны Ұлттық тасымалдаушы "Қазақмыс" компаниясымен бірлесіп алғаш рет іске асырып отыр. Пойыздың сыртқы жағында Қаныш Сәтпаевтың өмір сүрген жылдары мен оның мерейтойлық портреті бейнеленген. Жоба ұлы қазақ ғалымының есімін қастерлеуге бағытталған.
Қаныш Сәтпаев ірі мыс, көмір және басқа да пайдалы қазбалар кен орындарын ашып, еліміздің экономикалық дамуына едәуір әсер етіп, тарихта өшпес із қалдырған ұлы тұлға.