Атырау, 20 желтоқсан 12:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​ҚР Президенті Лаки Кесоглуді І дәрежелі «Барыс» орденімен наградтады

374 рет қаралды

ҚР Президенті Лаки Кесоглуді І дәрежелі «Барыс» орденімен наградтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

«Мәдениет пен эстрада өнерін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Пантелей Константинович Кесоглу І дәрежелі «Барыс» орденімен наградталсын» деп жазылған Мемлекет басшысы қол қойған Жарлықта.

Лаки (Пантелей) Константинович Кесоглу (1939 жылы 22 шілдеде Грузин КСР-інің Батуми қаласында туған) — кеңестік және қазақстандық эстрада әншісі, музыка педагогы, профессор.

Қазақ КСР-нің Халық артисі (1989). Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері (2014). Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. Достық және Құрмет ордендерінің иегері.


22 шілде 2024, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.