Атырау, 21 қыркүйек 05:14
 ашықВ Атырау +20
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Microsoft жұмысындағы ақау: Цифрлық даму министрлігі жағдайды бақылауда ұстап отыр

744 просмотра

Microsoft жұмысында шыққан жаһандық ақауға байланысты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі үндеу жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Microsoft операциялық жүйесінің жаһандық істен шығуына байланысты, бірқатар елде әуежайлар мен IT-сервистердің жұмыстарында ақау байқалады, осыған байланысты келесіні хабарлаймыз:
Қазіргі уақытта елдің маңызды инфрақұрылымдары мен мемлекеттік IT-сервистерінің жұмысында ешқандай ақаулар тіркелмеген. Шағымдар түскен жоқ, барлық жүйелер қалыпты режимде жұмыс істеуде. Цифрлық даму министрлігі жағдайды бақылауда ұстап отыр», - деп хабарлады министрлік.
19 шілде, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.