Атырау, 21 қыркүйек 05:04
 ашықВ Атырау +20
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Бүгін солтүстік пен шығыста жаңбыр жауып, батыста ыстық күтіледі

364 просмотра
Фото: azh.kz Елена СУНДЕТОВА

Бүгін Күндіз Атырау, Маңғыстау облыстарында қатты ыстық күтіледі. Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде,  Жамбыл облысының  солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында,  Абай облысының оңтүстігінде, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында, Шығыс Қазақстанның оңтүстік-шығысында, Ұлытау облысының батысында, Жетісу облысының солтүстігінде, Павлодар облысының шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазгидрометке сілтеме жасап.

Маңғыстау, Атыраудың оңтүстік-шығысында, Қостанайдың оңтүстігінде, Түркістанның шөлді аудандарында, орталығында, Қызылорда облысының оңтүстігінде, Жамбыл облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ауа райына байланысты ескерту жарияланған өңірлер:

Алматы облысы

Алматы облысының тау етегіндегі, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23, кей уақытта 28 м/с. Алматы қ.: 18 шілдеде кей уақытта бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18-23 м/с. Қонаев қ.: 18 шілдеде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады екпіні 18-23, кей уақытта 28 м/с.

Жетісу облысы

Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауыпы күтіледі. Талдықорған қ.: 18 шілдеде найзағай күтіледі.

Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 18 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысы

Ккүндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Түркістан облысы

Түнде Түркістан облысының солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкент қ.: 18 шілдеде күндіз найзағай, дауыл күтіледі Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 18 шілдеде күндіз найзағай, дауыл күтіледі Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысы

Күндіз Атырау облысында 37 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Облыста жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ.: 18 шілдеде күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады

Қостанай облысы

Түнде Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 18 шілдеде найзағай, күндіз дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысы

Күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 18 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Абай облысы

Түнде Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Семей қ.: 18 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысы

Түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Өскемен қ.: 18 шілдеде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысы

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Павлодар қ.: 18 шілде найзағай күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі. Орал қ.: 18 шілдеде жоғары өрт қауіпі сақталады.

 

Астана

Астана қ.: 18 шілдеде кей уақыттарда найзағай күтіледі. Күндіз бұршақ болуы ықтимал.

Ақмола облысы

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 18 шілдеде күндіз найзағай, бұршақ күтіледі.

Ұлытау облысы

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың бытысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 18 шілдеде найзағай күтіледі.

Қарағанды облысы

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қ.: 18 шілдеде күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай.

Алматы облысы

Күндіз Алматы облысының тау етегіндегі, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, тау етегіндегі, таулы аудандарында кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. Алматы қ.: 18 шілдеде кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с. Қонаев қ.: 18 шілдеде таңертең және күндіз кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 18-23 м/с.

18 шілде, 09:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.