Атырау, 21 қыркүйек 05:02
 ашықВ Атырау +20
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Үндістанда жекеменшік клиникада 50 жастағы қазақстандық әйел зорланды - БАҚ

642 просмотра

Үндістанда 25 жастағы санитар Қазақстаннан барған 50 жастағы әйелге жыныстық зорлық көрсеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Times of India басылымының хабарлауынша, Үндістандағы Гургаон қаласының прокуроры Artemis жеке клиникасында қазақстандық әйелдің зорлануына байланысты тергеу жүргізуді тапсырған. 

Раджастаннан шыққан Тхакур Сингх есімді айыпталушы ауруханада кейінгі бір жылда санитар болып жұмыс істеген. 

Полиция дерегінше, емделугі Үндістанға қызымен 12 шілдеде барған. Жексенді күні оған ота жасап, қалпына келу үшін палатаға ауыстырылған. Такул әйелдің жөргегін ауыстыратынын айтқан. 

Тура сол күні айыпталушы бірнеше рет сексуалды зорлық көрсеткен соң, әйел ол туралы қызына айтқан. Ал қызы аурухана басшылығына жеткізіп, полиция шақырған. 

Сол күні зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. 15 шілдеде Тхакур қамауға алынған. 

17 шілде, 14:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.