Атырау, 4 қазан 16:55
 ашықВ Атырау +16
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Буменнің төрт жобасы

2 277 просмотра

Роб Ван БуменРоб Ван БуменСоңғы жылдары Жем өзенінің су деңгейі едәуір төмендеп кетті. Ал суды үнемді пайдаланбаса, Қамыскөл көлі мен Құрсай өзегінің құрғап қалу қаупі төніп тұр. Бұл мәселені шешу үшін Жылыой ауданының әкімдігі «Теңізшевройл» ЖШС-не ұсыныспен шыққан болатын.

Осыған орай жуырда Құлсары қаласында Голландиядан келген гидротехник Роб Ван БУМЕННІҢ су көздерін қорғау жөніндегі төрт жобасы талқыланды.  

Жем өзенінің су деңгейі Ақтөбенің Мұғалжар тауындағы еріген қардың суына тәуелді. Соңғы жылдары таудан келетін қар суының көлемі де азайған.

Голландияның «Витемен Бос» компаниясы бірнеше айдан бері Жем өзеніне суды келтіру бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізді. 

- Судың сапасы жоғары екенін айтқан жөн,- деді Роб Ван Бумен сызбалармен таныстыра отырып. - Алдымен көл мен өзек арнасын қалыпқа келтіру қажет. Өзектің бойы бірнеше жылдан бері тазаланбағандықтан, қамыс жайлап, топырақ басып үлгерген.

8 млндолларға бағаланған бір жобаға сәйкес, Ембіден Жем бойына дейін дамба салу керек. Шлюз орнатып, апаттық жағдайда қажетті қосымша құрылғы орнату қажет. Екінші жоба бойынша, жерасты ащы суын тұщыландыруды талап етеді. Бұл жобаның құны - 3-4 млн доллар. Үшінші жобада Жем тасыған кездегі суды жинау, яғни су қорын жасауға 50 млн доллар қажет. Төртінші жобада кәріз суын тазарту көзделген.

- Бірде-бір ұсынылған жоба біздің көңілімізден шыққан жоқ, -дейді Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Нұрадин ӨМІРБАЕВ. - Канализация суын пайдалану мүмкін емес, ал дамба тұрғызуға экологтар рұқсат етпейді. Десек те, жерасты суын тұщыландыру жобасы жақсы болғанымен, бұған көп қаржы керек.

- Енді не істейсіздер?

- Голландық мамандар оңтайлы жобаларды ойластырып, қайта келетін болды.

- Бұл жұмыстарды кім қаржыландырады?

- ТШО.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

27 маусым 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.