Атырау, 21 қыркүйек 07:48
 ашықВ Атырау +26
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді

374 просмотра
Фото: freepik.com

Бүгін күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында қатты ыстық сақталады, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

Қазгидрометтің болжамынша, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысы

Түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 17 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Абай облысы

Күндіз Абай облысының солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың орталығында найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Семей қ.: 17 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Шығыс Қазақстан облысы

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Өскемен қ.: 17 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 17 шілдеде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Астана

Астана қ.: 17 шілдеде кей уақыттарда найзағай күтіледі.

Ұлытау облысы

Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 17 шілдеде кей уақытта найзағай күтіледі.

Қостанай облысы

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысы

Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында күші 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. қ.Павлодар : 17 шілде күндіз найзағай күтіледі.

Қарағанды облысы

Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында кей уақытта қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қ.: 17 шілдеде кей уақытта найзағай күтіледі.

Қызылорда облысы

Түнде Қызылорда облысының солтүстігінде, күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде, шығысында найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 17 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысының түнде солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Жамбыл облысы

17-18 шілдеде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. 17-18 шілдеде оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. 17-18 шілдеде облыстың батысында төтенше, облыстың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Тараз қ.: 17-18 шілдеде таңертең және күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. 17-18 шілдеде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жетісу облысы

Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Талдықорған қ.: 17 шілдеде найзағай күтіледі.

Атырау облысы

Күндіз Атырау облысында 36 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Облыста жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ.: 17 шілдеде күндіз 35 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Түркістан облысы

Түнде Түркістан облысының таулы аудандарында, күндіз солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкент қ.: 17 шілдеде күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 17 шілдеде күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысы

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 17 шілдеде түнде қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 17 шілдеде найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысы

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. Алматы қ.: 17 шілдеде кей уақытта найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с. Қонаев қ.: 17 шілдеде батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 18 м/с.

17 шілде, 10:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.