Атырау, 11 қараша 01:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

Ақтауға жаңа әкім тағайындалды

595 просмотра

Ақтауға жаңа әкім тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"16 шілдеде өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай Ақтау мәслихатының депутаттарына қала әкімі лауазымына кандидатты ұсынды, - деп хабарлады Маңғыстау облысының әкімдігі. - Бұрын осы лауазымды атқарған Ұлықбек Тналиев өз еркімен қызметінен кетті. Қалалық мәслихат депутаттары ұсынылған кандидатураны қолдады. Маңғыстау облысы әкімінің өкімі бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Әбілқайыр Жаңайұлы Байпақов Ақтау әкімі қызметіне тағайындалды".

Әбілқайыр Байпақов 1978 жылы Маңғыстау облысы Шетпе ауылында дүниеге келген. Мемлекеттік және жергілікті басқару саласында жоғары білімі бар.

2023 жылдан бүгінгі күнге дейін Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат істері басқармасының басшысы қызметін атқарған.


16 шілде, 17:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.