Атырау, 11 қараша 02:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

Жеті жасар Милананы өлтіргендерге сот үкімі шықты

380 просмотра

Павлодардың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Милана Давыдованы айуандықпен өлтіру ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды NEGE.

Қыздың анасы қылмысқа сыбайлас болғаны үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылады. Сотталғандар өз кінәларын мойындамады.

«Сотталушылардың әрекеттері аса ауыр қылмыстар санатына жатады және негізгі жаза ретінде 20 жылға бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруды көздейді. Әбілдинов қылмыстық кодекстің «Кәмелетке толмаған адамды аса қатігездікпен өлтіру» бабы бойынша көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Қауіпсіздігі жоғары мекемеде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалды», – деді судья Нұрлан Қайырбеков.

Сондай-ақ ер адам алкогольге тәуелділіктен емделетін болады.

Қылмыстық кодекстің 46-бабының 4-бөлігіне сәйкес өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы әйелдерге тағайындалмайтындығына байланысты, сот әйелге 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ ол педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

«Давыдоваға 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздіктегі түзеу колониясында өтеу туралы үкім шығарылды», – деді СМУ судьясы.

Үкім заңды күшіне енген жоқ және оған шағым жасауға болады.

Сот үкімі жарияланғаннан кейін бірден айыпталушы наразылық белгісі ретінде өзіне зақым келтірген.

16 шілде, 11:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.