Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі елде – Венгрия мен Албанияда жаңа елшілерді тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Абзал Сапарбекұлы Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.
Мемлекет басшысының басқа Жарлығымен Әбдірашов Жәнібек Жарасқанұлы Қазақстан Республикасының Венгриядағы Елшісі қызметінен босатылды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Искандер Жүсіпұлы Айсариев Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымынан босатылды.